Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Astana International Challenge 2025: елордада бадминтоннан әлемдік турнир өтіп жатыр

Astana International Challenge 2025: елордада бадминтоннан әлемдік турнир өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы Beeline Arena-да бадминтоннан Astana International Challenge 2025 халықаралық турнирінің екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында алғаш рет өтіп жатқан жарыста 43 елден келген 200-ге жуық спортшы бас қосып, жеке, жұптық және аралас жұптық бәсекелерде жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

«Мұндай деңгейдегі турнирдің Астанада өткізілуі Қазақстанның әлемдік бадминтонды дамытудағы рөлінің артып келе жатқанын айқындайды. Бүгінде бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамып келеді. Республиканың 16 өңірінде шамамен 12 мыңға жуық адам бадминтонмен жүйелі түрде айналысады», - деді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.

Жалпы жүлде қоры 17500 АҚШ долларын құрайтын айтулы жарыста Қазақстан намысын 26 отандасымыз қорғап жатыр. Айта кетейік, халықаралық турнир 21 желтоқсан күні мәресіне жетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті