Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зейнетақы жинағын алу: тағы бір тыйым салынды

Зейнетақы жинағын алу: тағы бір тыйым салынды
Фото: pixabay.com

Enpf-otbasy.kz платформасында стоматология, офтальмологияға БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтініш қабылдау тоқтатылғаннан кейін азаматтар реконструктив және қалпына келтіру (пластикалық) операцияларын таңдай бастаған. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, әсіресе, операциядан кейінгі тыртықты түзету және туа біткен ақауды коррекциялау үшін сұраныс артқан.

"Бұрын банкке пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану туралы азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түсетін. Алайда қыркүйекте стоматология бойынша өтініш қабылдау тоқтаған кезде олардың саны 123-ке дейін өсті, қазанда 1 844-ке, ал қарашада 3 878 өтінішке жетті", - деп жазылған хабарламада.

Желтоқсанның алғашқы 8 күнінде, офтальмологияға өтініш қабылдау тоқтағаннан кейін пластикалық оталарға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 2 093 өтініш түскен. Бұл бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсандағы өтініштердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.

12 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz порталында БЖЗҚ қаражатын "Операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен ақауларды түзетуге арналған реконструктив және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары" мақсаты бойынша пайдалану үшін өтініш қабылдау тоқтатылады.

Қазір пластикалық операцияларға БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 6 294 өтініш қаралып жатыр.

"Бұл өтініштің барлығы қолданыстағы тәртіпке сәйкес өңделеді", - деп жазылған хабарламада.

Бірқатар бағыт тоқтатылғанына қарамастан, азаматтар БЖЗҚ-дағы артық қаражатты маңызды және қымбат ем түрлеріне пайдалана алады: сирек (орфан) ауруларды емдеу; радионуклид және радиойод терапиясы; радиохирургиялық емдеу; протон терапия.

Бұдан бөлек, тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады: тұрғын үй сатып алу, ипотеканы толық немесе жартылай өтеу, сондай-ақ, Отбасы банктегі депозитті толықтырып, кейін баспана алу мүмкіндігі бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті