Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бестеректегі трагедия бойынша сот басталды

Бестеректегі трагедия бойынша сот басталды
Фото: Tengrinews.kz

Абай облысында болған трагедияға қатысты сот отырысы басталды. Оқиға салдарынан 2-7 жас аралығындағы төрт бала қаза тапқан еді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

19 тамызда Бестерек ауылында Toyota автокөлігін тізгіндеген 55 жастағы ер адам үйдің қақпасы маңында ойнап жүрген балаларды қағып кетті. Нәтижесінде үш бала көз жұмды: екеуі оқиға орнында, тағы бірі ауруханаға барар жолда қаза болды. Үш бала ауыр жарақат алды.

Кейін қыркүйектің аяғында тағы бір жарақат алған баланың есін жимай ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Абай облысында төрт бірдей баланың өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот отырысында оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды. 55 жастағы жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік басқару ережелерін бұзып, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкелу" бойынша айыпталып отыр.

9 желтоқсанда өткен сот отырысында прокурор Әділжан Шарапиев айыптау актісін оқып берді. Құжатқа сәйкес, айыпталушы 2013 жылдан бері "генерализацияланған эпилепсия және эпилепсиялық синдром" диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Бұл диагноз медициналық қарсы көрсетілімдер тізіміне енетіндіктен, мұндай азаматтарға көлік жүргізуге тыйым салынған.

Соған қарамастан, 2025 жылғы 19 тамызда ер адам жұбайын ертіп, Бестерек ауылынан Үржарға қарай көлікпен шыққан. Сапар кезінде жүргізушінің эпилепсиялық ұстамасы ұстап, ол рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жолдың сол жағына шығып кетіп, тұрғын үйдің қоршауын бұзып өткен. Сол аулада 2015–2018 жылдары туған алты бала ойнап жүрген.

Апат салдарынан екі бала оқиға орнында, біреуі ауруханаға барар жолда, тағы бірі 26 қыркүйекте Семей облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. Қалған екі бала түрлі жарақат алған.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындайтынын айтты. Алайда қаза тапқан балалардың ата-аналары ең қатаң жаза қолдануды талап етті.

Таңшолпан Кәрімова үш қызынан айырылғанын айта отырып, ол сотта эмоциясын жасыра алмады:

"Балалар көрші үйдің ауласында ойнап жүрген. Жолда жүрген жоқ. Бәрі бір сәтте жоқ болды. Екі қызым сол жерде жан тапсырды, ал үлкен қызым 38 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Ауруы барын біле тұра, ол қалай рөлге отырған? Алты баланы қалай көрмеген? Мұндай адамға жүргізуші куәлігін қалай берген?" - деді ол.

Оның айтуынша, апаттан кейін айыпталушының туыстары алғашқыда 1 миллион теңге, үшінші қызы қайтыс болғаннан кейін тағы 500 мың теңге әкелген. Бірақ анасы бұл ақшаның ештеңені өзгерте алмайтынын айтты.

"Айыпталушы мен оның туыстары кешірім сұрады, бірақ бұл менің балаларымды қайтара алмайды. Мұндайды қалай сұрауға болады? Мен бұл адамға жүргізуші куәлігін бергендерді тауып, жауапқа тарту керек деп есептеймін", – деді әйел.

Сот процесі әлі де жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті