Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан кейін екі елдің әнұрандары шырқалды.