Астанада JOLTAP жобасы елордалықтарға кәсіп көзін тауып, табысын көбейтуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясындағы түрлі қысқамерзімді курстарды тегін тәмамдаған қатысушылардың бірі бүгінде жұмысқа орналасып, бірі кәсіп ашып, жетістікке ұмтылып жатыр. Олардың қатарында көпбалалы ана Ләззат Оралбаева да бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Көпбалалы ана ұзақ жылдар бойы өмірін толықтай отбасына арнаған. Дегенмен балалары өскен соң, ол өзіне ұнайтын мамандық тауып, ыңғайлы кестемен жұмыс істемек болды.Ол JOLTAP жобасы туралы естіп, онда «Сатушы-кассир» курсынан өтті.
Курсты аяқтағаннан кейін Ләззат JOLTAP жобасы арқылы жұмысқа да орналасты. Қазір ол дүкенде өзіне ыңғайлы 2/2 кестесімен еңбек етіп жатыр.JOLTAP жобасының арқасында көпбалалы ананың өмірінде жаңа тыныс ашылды. Бүгінде оның тұрақты табысы бар әрі өзіне деген сенімі нығайды.Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланады.