Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр

Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр
Фото: primeminister.kz

Қарағанды облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды. Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тоғыз жоба жүзеге асырылуда.  Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі су құбырлары мен елді мекендер ішіндегі су құбыры желілерінің құрылысы басты назарда тұр. Солардың бірі – биыл мамыр айында құбыр тарту жұмыстары басталған Осакаров ауданындағы Колхозное ауылы. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуға тиіс. Желілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Бізде 20 жылдан астам уақыттан бері су құбыры болған жоқ. Суды ұңғымадан тасимыз. Енді міне, биыл бізге жаңа су құбырын салып жатыр. Бұл тұрмысымызды едәуір жеңілдетпек», — деді ауыл тұрғыны Ольга Сандалиди.

Сондай-ақ облыс орталығында сумен жабдықтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайтарылған қаражаттың арқасында қаладағы маңызды инфрақұрылымдық мәселелер шешімін табуда.

Ірі жобалардың бірі – Терешкова айналымынан екінші аймақтағы (Шығыс-5 ауданында) сорғы стансасына дейінгі су тарту желісінің құрылысы. Желілерінің ұзындығы – 7 шақырым. Жаңа нысан Майқұдық, Жаңа қала және Михайловкадағы 200 мыңнан астам тұрғынды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етпек.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Жаңа Тихоновка мен Ескі Тихоновкада су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа Тихоновкада ұзындығы 20 шақырымнан асатын жаңа су құбыры желілері тартылуда. Бұл 4 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Ескі Тихоновкада 4 шақырымнан астам желі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр – нәтижесінде 146 үйге су тартылады.

Қазан айының соңына дейін барлық бағыт бойынша құрылыс және монтаж жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған. Қараша айында желілерге гидравликалық сынақ жасалып, залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Осыдан кейін тұрғындар техникалық шарттарды алып, су жүйесіне қосыла алады.

Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін қарағандылықтар 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен су құбыры желілері салынып жатқан басқа да елді мекендер қатарында Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылы, Теміртау қаласындағы Соцқалашық, Оң жағалау, Сол жағалау және Ескі қала аудандары, Абай ауданының Садовое ауылы, сондай-ақ Көктеңкөл стансасы (№56 разъезд) және Шет ауданындағы Әлихан ауылы бар. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті