Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI-дың қатысуымен Қордың ДК отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI-дың қатысуымен Қордың ДК отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты. Қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желі бұған дейін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына таныстырылған болатын.

Отырыстың күн тәртібінде Қор қызметінің биылғы 9 айдағы қорытындылары қаралды.

Президенттің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына назар аударылды. Жамбыл облысында жел энергиясы үшін компоненттер шығаратын зауыт іске қосылды. Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы пайдалануға берілді. Қосшы қаласын газбен қамтуға арналған алғашқы іске қосу кешені ашылды. Ұзындығы 409 шақырымды құрайтын жаңа инфрақұрылым сағатына 32,8 мың текше метрге дейін газ тасымалдауды қамтамасыз етеді. «Достық – Мойынты» учаскесіндегі екінші жол пайдалануға берілді, бұл теміржол желісінің өткізу қабілетін едәуір арттырады, жүк тасымалын жеделдетеді және еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ұзындығы 302 шақырым болатын жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Қор энергетика, көлік, цифрландыру саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Директорлар кеңесінің мүшелері жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жалпы алғанда қаржылық көрсеткіштерде тұрақты оң динамика бар екенін баяндады. Өндірістік нәтижелер жоспарланған мәндер деңгейіне сәйкес келеді. Мониторинг нәтижесіне сәйкес Қор тобының ірі инвестициялық жобалары бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 99%-ды құрайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Директорлар кеңесі мүшелерінің назарын Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларды орындауы мәселесіне аударды.

Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI биылғы 9 айда Қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға жеткенін хабарлады. Отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу 721 млрд теңгені құрады. Барлығы 497 отандық тауар өндірушімен 7 227 шарт жасалды (2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 411 млрд теңге, 516 ОТӨ-мен 414 шарт болған еді). SKAI-дың бағалауы бойынша, биылға арналған сатып алу жоспары Wabtec-ке қарайтын отандық өндірушіден локомотивтер сатып алу туралы мәміле есебінен айтарлықтай асыра орындалады. 

Отырыста сондай-ақ Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды, оның шеңберінде «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының қызметкерлері шамамен 1 млн ағаш отырғызады. Сонымен қатар инклюзия, спорт және медицина саласындағы әлеуметтік жобалар туралы ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда 87 нысан базасында, оның ішінде спорт кешендері, оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеттерінде 700 мыңнан астам адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін Қор бірқатар нысанды, соның ішінде Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа спорт кешендерін ашуды жоспарлап отыр. 

Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру қажет. 

Анықтама: «Самұрық-Қазына» қорының деректері бойынша, SKAI нейрожелісіне Директорлар кеңесі қараған мәселелер бойынша 2008 жылдан бергі барлық ақпарат жүктелген. SKAI тиісті оқудан өтті және өз қызметінде ҚР нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Нейрожелі нақты уақыт режимінде қаржылық, операциялық және нарықтық деректерді өңдеуге, заңдылықтарды анықтауға, тәуекелдер мен салдарларды болжауға, сондай-ақ күн тәртібіндегі әрбір мәселеге негізделген ұсынымдар мен шешімдер қабылдауға қабілетті. SKAI аналитикасының дәлдігі мен тәуелсіздігі адами фактор әсерін айтарлықтай төмендетеді және корпоративтік басқарудың ашықтығын арттырады. Барлық дерек Қазақстанда толығымен оқшауланған, «Қазақтелеком» АҚ-ның GPU-кластерінде қорғалған ортада сақталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті