Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды

Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандылық жасөспірім SIM-карталарды заңсыз активациялағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында киберполиция қызметкерлері SIM-карталарды заңсыз активациялады деген күдікпен 17 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, өткен айдың ортасында жасөспірім әлеуметтік желілердің біріндегі топқа тіркеліп, сол жерде топ модераторынан WhatsApp аккаунттарын сату және SIM-карталарды активауиялау туралы ұсыныс алған. Жеңіл табыс табамын деген оймен ол ұсынысқа келіскен. Бір айға жетпейтін уақыт ішінде өз ұялы телефоны арқылы оннан астам аккаунтты активациялап, заңсыз әрекет жасаған.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Киберполиция қызметкерлері аккаунттар мен SIM-карталардың қандай мақсатта пайдаланылғанын анықтап, қылмыстық әрекетті ұйымдастырған және оған қатысы бар тұлғаларды іздестіруде. Полицейлер мұндай жағдайлар өзге жастарға сабақ болып, "жеңіл жолмен табыс табу" деген түсініктің соңы бас бостандығынан айыруға алып келетінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді