Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлназарова Астанада мезгілсіз көз жұмған жас дәрігердің өліміне қатысты мәліметтерді ашты

Әлназарова Астанада мезгілсіз көз жұмған жас дәрігердің өліміне қатысты мәліметтерді ашты
Фото: facebook.com/ №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы

2025 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Астанада қайтыс болған балалар анестезиолог-реаниматологы Александр Грабтың өліміне қатысты себепті атады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмарал Әлназарова жас дәрігердің қайтыс болуы тек бір ғана медициналық ұйым үшін емес, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін орны толмас қайғы екенін атап өтті.

"Сот-медициналық сараптама нәтижесінде қойылған алдын ала диагноз – миокард инфаркті. Өкінішке қарай, осындай жағдай. Марқұмның отбасына, ата-анасына көңіл айтамын. Өте жас дәрігер еді. Ол бізде тапшы маман – реаниматолог-анестезиолог, оның үстіне педиатр болатын. Сондықтан бұл – біздің жүйе үшін және менің өзім үшін де орны толмас қаза", – деді министр.

Ол қазіргі кезде барлық медицина қызметкерлері, әсіресе реанимация, акушерлік және гинекология, перинаталдық орталықтар, неонатология сынды күрделі салаларда жұмыс істейтін мамандар үлкен психоэмоционалдық жүктемеге ұшырап отырғанын айтты.

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, халқымызға үндеу жасағым келеді: медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарап, бағалайық. Біз оларды заңнамалық деңгейде қорғаймыз, әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етеміз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан қоғам медицина қызметкерлерін қолдауы тиіс деп ойлаймын. Бұл жағдай – дәрігердің өз өмірін, уақытын медицинаға арнап, "өзі жанып, өзгеге жарық сыйлағанының" айқын мысалы", – деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады