Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында заңсыз тіс емдеген шетелдік ұсталды

Павлодар облысында заңсыз тіс емдеген шетелдік ұсталды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында шетелдік азамат заңсыз түрде стоматологиялық медициналық қызмет көрсеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы аумағында "Дәрмек" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылау. Полиция қызметкерлері тексеріс барысында 1 тоннадан астам дәрі мен ампула түріндегі есірткі құралын, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын шектеді. Полиция қызметкерлері емдеу-профилактикалық мекемелерде, кәсіпорындарда, дәріханалар мен қоймаларда рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде Железин ауданының бір ауылында шетел азаматының халыққа заңсыз медициналық қызмет көрсеткенін анықтады. Оның стоматологиялық қызмет көрсетуге рұқсаттама құжаттары болмаған. Полиция заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі бойынша әкімшілік іс қозғады. Материал Павлодар облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне қарауға жолданды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді