Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды

Энергетика министрлігі мұнай мен газды ұтымсыз пайдаланғаны үшін 14 млрд теңге шығынды өндіріп алды
Фото: pixabay.com

ҚР Энергетика министрлігі және оның Атырау мен Қызылорда облыстарындағы мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекцияның өңіраралық басқармалары реттелетін саладағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 9 айында көмірсутек саласындағы мемлекеттік бақылау аясында 100 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде 18 профилактикалық бақылау, 30 жоспардан тыс тексеру, 15 шарттық міндеттемелерді орындау бойынша бақылау және 37 мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы рұқсаттық тексеру бар.

Нәтижесінде 18 бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, 80 әкімшілік айыппұл 110 млн теңге сомасында салынды. Сонымен қатар, мұнай мен газды ұтымсыз пайдалану үшін 14 млрд теңгеден астам залал өндірілді. Қазіргі уақытта қосымша 4млн теңгеге жуық айыппұл мен 2,4 млрд теңге залалды өндіру бойынша материалдар қаралуда.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті