Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Іздеуде жүрген алаяқтар шетелде ұсталды

Іздеуде жүрген алаяқтар шетелде ұсталды
Фото: Polisia.kz

Іздеуде жүрген алаяқтар шетелде ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Іздестіру” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар облысының жедел уәкілдері шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, 15 қылмыскерді қолға түсірді. Олардың бірқатары ауыр қылмыстары үшін шет мемлекеттерде іздеуде жүрген болатын.

Мәселен, Германияның Нюрнберг қаласында Қазақстанда алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адам ұсталды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында осыған ұқсас қылмыс жасап, іздеуде жүрген 25 жастағы күдікті құрықталды. Қазіргі таңда олардың барлығы қамауда, ал экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ Павлодар қаласында көрші елде ауыр қылмыс жасап, кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Бұдан бөлек Павлодар қаласы мен Қарағанды облысы аумағында хабар-ошарсыз кеткен екі азаматтың жүрген жері анықталды.

– Ішкі істер органдарының жедел іздестіру жұмыстары – қылмыскерлердің жазасыз қалмауы үшін өте маңызды қадам, – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі