Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да полиция 10 адамды сан соқтырған күдіктіні құрықтады

БҚО-да полиция 10 адамды сан соқтырған күдіктіні құрықтады
Фото: Polisia.kz

БҚО-да полиция 10 адамды сан соқтырған күдіктіні құрықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдіктінің әлеуметтік желілер арқылы адамдармен танысып, түрлі сылтаулармен, соның ішінде басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, азаматтардың ақшасын алдап алғаны анықталды. Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн 400 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады