Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда полиция есірткі притонын жойды

Оралда полиция есірткі притонын жойды
Фото: Polisia.kz

Оралда полиция есірткі притонын жойды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерімен “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде есірткі заттарын тұтынуға арналған притонды анықтады. Пәтерді тінту барысында қолданылған шприцтер салынған полиэтилен пакеттер, шыны, пластик және металл ыдыстағы сарғыш түсті сұйықтық, екі ыдыс көкнәр тәркіленді. Тексеру нәтижесінде бұл заңсыз қызметті 46 жастағы бұрын сотталған әйел адам  ұйымдастырғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде. “Учаске” ЖПІШ басталғалы облыс бойынша 34 мыңға жуық тұрғын үй, 500 жалдамалы пәтер, 4 мыңға жуық саяжайдағы үй, 826 шаруа қожалығы мен қыстақтар тексерілді. Ішкі істер органдарынның есебінде тұрған 1 318 адам тексерілді, тіркелмеген 2 қару тәркіленді, 3 мыңнан астам құқық бұзушылық, көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерінсіз жүрген 16 кәмелетке толмаған бала анықталды. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады