Бүгін облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураевпен кездесу өткізді. Кездесуде қос тараптың өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды kazlenta.kzтілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Диас Есдәулетов облыстың экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіп бағыттары жайлы қысқаша баяндады. Сонымен қатар инвесторлар тарту мен кәсіпкерлікті дамытуға заң аясында жасалып отырған қолдауларға, қолға алынып жатқан іргелі жобаларға да тоқталды.
Кездесу соңында қос тарап бұл кездесудің әлеуметтік-экономикалық салаларда екіжақты серіктестік байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіне сенім білдірісті.