Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талғардағы оқиға: полицейлердің әрекетсіздігіне қылмыстық іс қозғалды

Талғардағы оқиға: полицейлердің әрекетсіздігіне қылмыстық іс қозғалды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында полицейлердің зорлау күдігіне ілінген ер адамды босатып жіберу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті кейін жәбірленушінің ағасын өлтіріп, кішкентай қызын ұрлап әкеткен, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Облыс прокуратурасы Талғар ауданы ПБ қызметкерлерінің әрекетсіздігі (ҚК 370-бабы, 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғады. Олар зорлау күдігіне ілінген ер адамды ұстауға қажет шара қолданбаған. Нәтижесінде күдікті Қызылқайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкеткен", – делінген хабарламада.

Қазір істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

"Прокуратура жалған ақпарат таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа деректер жарияланбайды.

Айта кетейік, Талғардағы оқиға кезінде ұрланған кішкентай қызға дәрігерлер сәтті ота жасап, тіліне сегіз тігіс салған. Бұл туралы адвокат Гаухар Сәриева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді