Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлады деген күдікке ілінді

Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлады деген күдікке ілінді
Фото: бейнескриншот Tengrinews.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысында екі әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұрлап әкеткені туралы ақпарат тарады. Жасөспірімді азаптап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалағаны туралы айтылған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, екі әйел 16 жасар қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен. Әйелдердің біреуі ауылдық округтердің бірінің әкімі аппаратының қызметкері екені айтылған.

"Әйелдер қызды ұрып-соғып, денесіне темекі шоғын басып, өзенге батырып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасап, қол-аяғын сүюге мәжбүрлеген және осының барлығын видеоға түсірген. Сондай-ақ олар бұл видеоны таратпау үшін үш миллион теңге талап еткен", - делінген ақпаратта.

Алматы облысының Полиция департаменті бұл деректі растап, күдіктінің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Полиция кәмелетке толмаған балаға қатысты дене жарақатын келтіру және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті әйел де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ полиция қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысушылардың жеке деректерінің тарап кету ықтималдығына қатысты тергеу жүріп жатқанын атап өтті.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті