Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісайда 15 жастағы қызды алып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс тергелуде

"НеМолчиKZ" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желі арқылы Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған қызды әкесінің рұқсатынсыз алып қашу оқиғасы болғанын хабарлады. Бұған қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды kAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Қоғам белсендісінің Facebook-тегі жазбасына сәйкес, оқиға 2022 жылдың аяғында, шамамен қараша немесе желтоқсан айларында болған. 15 жастағы қыздың әкесі "НеМолчиKZ"-ке қызын бейтаныс біреулер алып қашып, Жетісайда беташар жасағанын хабарлаған.
"Мен қызымның некеге тұруына келісімімді берген жоқпын, не болғанын жақында ғана - 2022 жылдың 30 желтоқсанында әлеуметтік желіден және қызымның анасына қоңырау шалу арқылы білдім. Біз бірге тұрмаймыз, осы уақытқа дейін қызым үшін алимент төлеймін. Қызымды ұрлап әкетіп, күштеп некелескені маған беймәлім болды. Менің қызым небәрі 15 жаста және ол өз өмірі үшін шешім қабылдай алмайды", - деп келтіреді қоғамдық қор қыздың әкесінің сөзін. 
Ер адам бұл оқиғадан Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша құқық бұзушылық көріп тұрғанын айтқан. Ол "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры арқылы полициядан қызын ұрлап, күштеп некеге тұрған тұлғаны анықтап, жауапқа тартылуын талап еткен. Осы оқиғаға қатысты Түркістан облысы полиция департаменті Шымкент тұрғынынан кәмелеттік жасқа толмаған қызын ұрлау фактісі бойынша шағым түскенін мәлім етті.
"Жетісай ауданының полициясы Қылмыстық кодекстің 122-бабымен "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген облыстық полиция хабарламасында.
 Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыз таныс жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда анасы келісім бермей, қызын қайтадан Шымкентке алып кеткен. Қазіргі уақытта іс бойынша сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мәжіліс сайлауы: партиялар қанша мандат алды?
Қазақстан 2022 жылғы әлемдік саудадағы өзгерістерден ұтты
ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді
Қатты ашуланып кеткен шығармын - Бибісара Асаубаева жанжал туралы
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді