Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық паражүзушілер Бангкокта өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды

Астаналық паражүзушілер Бангкокта өткен әлем чемпионатынан жүлдемен оралды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Таиланд астанасы Бангкокта 20 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында жүзуден әлем чемпионаты өтті. Беделді бәсекеге 31 елден 300-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан намысын астаналық спортшылар Санжар Асқар, Әмір Алпамыс пен Валерий Югай қорғады.Жасөспірімдер санатында Санжар Асқар 100 метр баттерфляйда күміс медаль жеңіп алып, 200 және 400 метр қашықтыққа еркін стильде жүзуде екі мәрте қола жүлдегер атанды. Ал Валерий Югай 200 метрге кешенді жүзуде қола медаль иеленді.Ұлттық құрама жаттықтырушысы Ернұр Сайлаубектің айтуынша, бұл чемпионат Қазақстан үшін зияткерлік даму ерекшелігі бар спортшылар арасындағы алғашқы әлемдік дода болды.

«Алғаш рет қатысқандықтан нәтижеміз де өте лайықты деуге болады. Жас спортшыларымыз жеңіске деген жігер танытып, ел абыройын әлемдік аренада жоғары деңгейде қорғады», — деді ол.


«Интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар тұлғалар спорты федерациясының» президенті Дина Темірғалиева да бұл жетістіктің тарихи маңыздылығын атап өтті:«Virtus әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Париждегі Паралимпиада чемпиондары да қатысты, бәсекелестік өте мықты болды. Қазақстан үшін бұл – Даун синдромы бар спортшылардың санатындағы алғашқы дебют және алғашқы тарихи медаль. Бұл нәтиже дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Ендігі мақсатымыз – халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, жаңа спортшыларды тәрбиелеу. Алдағы желтоқсанда Дубайда өтетін жасөспірімдер Параазия ойындарына дайындықты бастап кеттік», – деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті