Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында электронды темекі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Жетісу облысында электронды темекі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында электронды темекі сатумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында электронды темекі жүйелерінің заңсыз сатылымын тоқтатты. Талдықорған қаласында бақылаулы сатып алу жүргізілді. Оның барысында “1” лақап атымен танылған азамат WhatsApp мессенджері арқылы 27 жастағы жергілікті тұрғын “2”-ден электронды темекі құрылғысын сатып алған. Тауарды жеткізуді курьер “К” жүзеге асырды. Операцияның әрі қарай дамуы кезінде “2”-нің жұбайы – 28 жастағы жергілікті тұрғын “3” ұсталды. Оның Toyota автокөлігінен полиция қызметкерлері 275 дана “вейп” тауып, тәркіледі. Сонымен қатар полицейлер 20 жастағы азамат “3”-ті де ұстады. Ол такси жүргізушісі ретінде бүркемеленіп, осындай тауарларды клиенттерге жеткізіп отырған.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, темекіні тұтынудың электронды жүйелері денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, әсіресе жастар арасында тәуелділік қалыптастырады. Вейптерді заман індеті деп атап, келер ұрпақ үшін қауіпті салдар туғызатынын ескертеді. Полиция ескертеді: шылымсыз темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті