Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының сирек металдар саласын дамыту тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының сирек металдар саласын дамыту тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген аталған салаға озық технологиялар мен инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Марат Төлебаев қатысты.

Премьер-министр жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары мен инфрақұрылымды жаңғырту, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту, заманауи өңдеу технологияларын енгізу және ғылыми-зерттеу базасын дамыту қажеттігін атап өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанның металлургия құрылымында сирек және жерде сирек кездесетін металдар өндіру 2,4%-ды құрайды. 2018 жылдан бері саланы мемлекеттік қаржыландыру 67 млрд теңгені құрап оытр.

Кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде: жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырым 1:50 000 масштабтағы 25 учаске зерттелуде. 2024 жылы қатты пайдалы қазбалардың келешегі зор 38 учаскесі ашылды. Еліміздегі геологиялық-геофизикалық барлау жұмыстары 2025 жылы 2 млн 038 мың шаршы шақырымды құраса, 2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бериллий, тантал, ниобий, скандий, титан, рений, осмий өндірілсе, жол бойында висмут, сурьма, селен және теллур алынады. Сонымен қатар галлий мен индий алу технологиялары бар.

Саланың болашағы зор бағыттарына батарея материалдарын, ыстыққа төзімді қорытпаларды өндіру және қайта өңдеу, жартылай өткізгіш материалдар өндірісі және тұрақты магниттерді қайта өңдеу жатады.

Жалпы, Үкімет аталған саланы одан әрі дамыту үшін шаралар қабылдауда. 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар жүзеге асырылуда. «Жезқазғанредмет» РМК сирек металдар цехын жаңғыртуға қаражат бөлінді. Инвесторларды тарту үшін геологиялық ақпаратқа, оның ішінде сирек және сирек жер металдары бойынша қолжетімділік қамтамасыз етілді. 

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр күш-жігерді жер қойнауын тереңдетіп зерттеуге, техногендік минералдық түзілімдерді есепке алу мен мемлекеттік теңгерімге қоюды жеделдетуге, аккумуляторлар мен оларды қайта өңдеуге арналған материалдар өндірісін дамытуға, сондай-ақ ыстыққа төзімді никель қорытпаларын белсенді өндіруге жұмылдыруды тапсырды. Бұдан бөлек, «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» РМК базасында сирек және сирек жер металдары бойынша өңірлік зерттеу орталығын құру жөніндегі жұмысқа назар аударылды.

Анықтама: қазіргі заманғы өнеркәсіп үшін сирек және жерде сирек кездесетін металдар өндірісін дамыту өте маңызды. 2024 жылдың деректері бойынша шикізаттың осы түрінің әлемдік нарығы 1,6 млн тоннаны құрады. Бұл ретте 2023-2024 жылдары сұраныстың орташа жылдық өсуі 30%-ға жетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті