Ақтөбе №2 соты абайсызда әйелінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген тұрғынды кінәлі деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сот ер адамның әйелінің басынан бірнеше рет ұрғанын, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлағанын анықтады. Әйел төсектен тұрмаған және үйден шығуды қойған."Алғаш рет жедел жәрдем шақырылғанда дәрігерлер ауруханаға жатқызуды ұсынғанмен, жәбірленуші одан бас тартқан. Екінші рет жәдел жәрдем шақырған кезде ол ауруханаға жеткізілген, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болған", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында сотталушының содан бір ай бұрын әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені расталды. Үйде оның бетінен үш рет ұрған, ал жәбірленуші өзін қорғамақ болғанда тағы екі рет ұрған.
Әйел соққыдан құлаған, бірақ ол кезде ауруханаға бармаған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, өлімге бас миының травматикалық ісінуіне қан кетумен жабық бас сүйек-ми жарақаты әкеліп соқтырған."Сарапшылар ауыр зардаптың өлімнен бір күн бұрын болғанын және оған жеткілікті күшпен бір соққының әсерінен болуы мүмкін екенін анықтады. Жарақаттардың құлауынан немесе жәбірленушінің өзі болуы мүмкін емес. Оның қанынан алкоголь мен есірткінің іздері табылмады".
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот іс материалдарын, сарапшылардың қорытындыларын және сарапшылардың айғақтарын зерделей келе, ер адамның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен саралаған. Жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар табылған жоқ.
"Сот сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жедел жәрдем қызметінің жұмысында анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу шараларын қолдануды талап етіп, жеке қаулы шығарды".
Үкім заңды күшіне енген жоқ.