Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында отбасылық жанжалдан кейін әйел адам басынан жарақат алып, ауруханаға түсті

Түркістан облысында отбасылық жанжал кезінде басынан жарақат алған әйел жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz
Ведомствоның мәліметінше, Түркістан қаласының орталық ауруханасына басынан жарақат алған әйел жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізген. Жедел-тергеу тобы анықтағандай, Сауран ауданында тұратын ерлі-зайыптылар арасында қызғаныштан жанжал туындап, салдарынан күйеуі әйелінің бас аймағына зақым келтірген. Аталған жайт 11 қаңтар күні Сауран АПБ-да Қылмыстық-кодекстің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген.
Жан-жақты жүргізілген тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу"), 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланған. Сондай-ақ дәл сол күні күдіктіні ұсталып, қамауға алынған. Құзырлы орган қажетті сараптамалар тағайындалғанын, жарақат алған әйел аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ведмоство жалпы бұған дейін жәбірленуші полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша арыз түсірмегенін де айта кетті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты