Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды

Металлургия Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40%-дан астамын қамтиды
Фото: primeminister.kz

Металлургия 40,1% үлеспен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі драйверге айналып отыр. Бірінші жартыжылдық қорытындысы мен саланың одан арғы өсу перспективасы 17 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Металлургияда жоғары өсу қарқынын сақтау оңай міндет емес: 2024 жылы сала соңғы 10 жылдағы рекордтық 6,9% өсімге қол жеткізді. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың өндірістік қуаты 90-100% жүктемемен жұмыс істеп тұр. Бұл өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту мүмкіндігін шектеуде.

Былтырғы жоғары базаға қарамастан, 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібіндегі нақты көлем индексі 0,1%-ға өсті. Саланың өсу қарқынын арттыру үшін арнайы жол картасы әзірленіп, іске асырылуда. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, құжаттағы бірқатар аралық мақсатқа қол жеткізілген.

Атап айтқанда, «Жомарт» кенішінде қалпына келтіру жұмысы аяқталып, Ақтөбе мыс компаниясынан «Қазцинк» кәсіпорындарына мырыш концентратын жеткізу көлемі ұлғайды. KAZ Minerals тобы отандық зауыттарға мыс концентратының ірі партиясын жөнелтті. Бұл жыл соңына дейін оны ел ішінде қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин салалық министрлікке негізгі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңірлердің әкімдігімен бірлесіп, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін өндіріс басшыларымен проблемалық мәселелерді жедел пысықтауды тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті