Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы: Бұл барынша биік мақсат, бірақ қол жеткізуге болады

Олжас Бектенов ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы: Бұл барынша биік мақсат, бірақ қол жеткізуге болады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысының 2029 жылға қарай экономиканы әртараптандыру арқылы $450 млрд-қа дейін қол жеткізуге қатысты берген тапсырмасы аясында журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тапсырма барынша биік, бірақ қол жеткізуге болады. Өткен жылы Қазақстанда ЖІӨ көлемі $286 млрд-ты құрады. Биыл экономикалық өсу көрсеткіштерін ескеріп, $300 млрд-қа жеткізуді көздеп отырмыз. Алдағы жылдары қарқынды экономикалық өсуді қамтамасыз ету арқылы $450 млрд-қа қол жеткізе аламыз. Ол үшін еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту, экономиканы әртараптандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша көлемді бағдарлама іске қосылды, ол экономикаға қосымша 8 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жоспарда – 1,5 трлн теңгеге 190 өнеркәсіптік жобаны іске қосу. Егер біз осы бағытта жұмыс істейтін болсақ, онда алға қойған мақсаттарға жете аламыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет экономиканың өсуін ынталандыру үшін бірқатар бағытты белгіледі. Бұл мұнай өңдеу, металлургияны жаңғырту, ТКШ инфрақұрылымын ауқымды жаңарту, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы және минералдық-шикізат базасын, оның ішінде сирек кездесетін металдарды ұлғайту.

Сондай-ақ жаңа салаларды дамытуда үлкен әлеует бар, олардың қатарында мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау, теміржол машина жасау, тыңайтқыштар өндіру бар. Жыл сайын өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-де жаңа жобалар енгізіледі.

Өсудің негізгі нүктелерін дамыту ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды жүзеге асыруға көңіл бөлініп, қажетті өнеркәсіптік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан бөлек, осы жылдан бастап «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша басым секторларды қаржыландыру айтарлықтай ұлғаюда.

2029 жылға дейін жаңа өндірістерді іске қосумен 17 ірі жобаны жүзеге асыру басталды. Олардың ішінде химия өнеркәсібіндегі автомобильдер, бутадиен, аммиак және карбамид өндіретін зауыттар, металлургиялық кластер, мыс балқыту зауыты, сондай-ақ Шымкент МӨЗ өндірістік қуаттарын кеңейту бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті