Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты

Олжас Бектенов IV Ташкент инвестициялық форумына қатысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде инвестиция тарту экономиканы дамытудың негізгі факторы екенін атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жақында өткен Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Орталық Азияның тұрақтылығы берік, ынтымағы бекем, болашағы айқын болғанын қалайтынын ерекше атап өтті. Қазақстан Үкіметі өзара сенім мен орнықты даму рухында табысты және ұзақмерзімді жобалар құруға дайын. Инвестиция тарту – өңірдің экономикалық парадигмасының негізгі факторы. Қазақстан 2029 жылға қарай экономикаға кемінде $150 млрд көлемінде шетелдік капитал ағынын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Бұл – ауқымды әрі барынша биік мақсаттар, оған қол жеткізуге әбден болады. Ол үшін ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құруға бағытталған ауқымды реформалар табанды түрде жүргізілуде», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда инвесторларға салықтық жеңілдіктер, кедендік баждардан босату, заттай гранттар беру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқаларын қоса алғанда, икемді және жекелеген преференциялар беріледі. Ірі инвесторлармен басым салалардағы жобаларды жүзеге асыру үшін 25 жылға дейін заңнамалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін Инвестициялар туралы келісімдер жасалады. Дайын инфрақұрылыммен жабдықталған, сондай-ақ салықтық және кедендік жеңілдіктер беретін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар жұмыс істейді. «Астана» халықаралық қаржы орталығында бизнесті жүргізу үшін бірегей жағдай жасалған. АХҚО базасында ағылшын құқығы юрисдикциясының болуы заңды рәсімдердің ашықтығына кепілдік береді.

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, энергетика мен логистикадағы өңірлік әріптестікті тереңдету, маңызды пайдалы қазбалар саласын дамыту, сондай-ақ цифрландыру және орнықты өсуді қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.

Энергетика саласында трансшекаралық жобаларды бірлесіп іске асыру, «жасыл» энергияны өндіру мен беру процесін қоса алғанда, өңір елдері арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары аталды. Сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға, атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды.

Цифрлық инфрақұрылымды трансформациялау және аса маңызды салаларға оның ішінде, деректер орталықтарын, трансұлттық талшықты-оптикалық желілер тарту, суперкомпьютерлік қуаттарды және жасанды интеллект экожүйесін дамытуды қоса алғанда, ұзақмерзімді инвестициялар тарту қажеттігі атап өтілді.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен өткен пленарлық отырыста тұрақты даму, инвестициялар және өңірлік әріптестік стратегиялары талқыланды. Форумда Болгария Президенті Румен Радев, Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо, Әзербайжан Премьер-министрі Али Асадов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нокергулы Атағұлыев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, БРИКС елдері банкінің президенті Дилма Руссефф сөз сөйледі. Сонымен қатар іс-шараға премьер-министрлер, халықаралық ұйымдардың, жаһандық корпорациялар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылар бүкіл өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Орталық Азия елдерінің күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. 

Форум аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновті қабылдады. 

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі мен ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Биылғы төрт ай қорытындысы бойынша тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға артып, $1,3 млрд-ты құрады.  Экспорт 15,9%-ға өсіп, $1 млрд-ты құрады. Негізгі қозғаушы күш өнеркәсіп, автомобиль және ауыл шаруашылығы салаларындағы кооперация болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады