Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды

Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада автодүкен иесі полицияға шағым түсірді. Күнделікті табысты санау барысында 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкнот табылған. Тергеу барысында белгілі болғандай, дүкенге келген сатып алушы автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған. Алайда ол шынайы купюраның орнына сувенирлік ақшаны берген. Сатушы бұл сәтте мән бермеген. Кешкісін табысты есептеу кезінде дүкен иесі жалған ақшаны байқап қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 43 жастағы күдіктіні анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, жалған купюраларды интернеттен сатып алған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған. Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, бірден "102" нөміріне хабарласыңыз.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті