Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан

Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
Фото: Polisia.kz

Астанада концерт билеттерін сатумен байланысты алаяқтық схемасы әшкереленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары жалған концерт билеттерін сатып алып, алаяқтардың құрбаны болды. Жәбірленушілер танымал «Орда» тобының концертіне кіре алмай қалған сәтте ғана алданғандарын түсініп, бірден полицияға жүгінген. Сол сияқты, басқа да азаматтар ресейлік танымал әншінің кешіне кіру үшін жалған QR кодтар сатып алған.

Билеттердің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болған, ал жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл алаяқтыққа 18 жастағы азаматтың қатысы бар екенін анықтады.

Күдікті Instagram желісінде жалған аккаунт ашып, танымал әншілердің концерттеріне баруға мүмкіндік беретін, шын мәнінде жоқ билеттерді ұсынған. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер ақша аударған банктік шотты тексеру арқылы күдіктіні таба алды. Тергеу барысында жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, тағы да 11 осындай алаяқтық әрекет жасағаны анықталды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға әлеуметтік желілердегі жарнамалық сілтемелер арқылы билеттер сатып алмауды ескертеді. Кез келген шараға билет алу үшін тексерілген, ресми сайттарды пайдалану қауіпсіз екенін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады