Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды
Фото: Polisia.kz

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полицияның заңды бұйрығын орындамаған 20 жастағы мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Оқиға Төле би даңғылында болды. Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ ол тоқтату талабын елемей, қашып кетпек болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі жаяу қууды жалғастыра бергенде, мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 

- Бұл – шектен шыққан әрекет. Мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығы қағидасы іске асады. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың салғырттығы, жауапсыздығы немесе агрессиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Біз мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейміз, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті