Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Абай облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: Polisia.kz

Абай облысында Алакөлге ағылған туристер ағынына байланысты жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаз маусымында Алакөл көліне келуші туристер саны күрт артуда. Осыған байланысты Мақаншы ауданы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертіп келеді. Әңгіме барысында жылдамдықты асырмау, мас күйінде рульге отырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру, қауіпсіздік белдігін тағу секілді негізгі ережелер міндетті түрде сақталуы тиіс екені еске салынуда. Сонымен қатар жол бойында арнайы жылжымалы медициналық пункттер де ұйымдастырылып, жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексерілуде. Медициналық тексерудің мақсаты – жол үстінде күтпеген жағдайлардың алдын алып, жүргізушінің жолда өзін жақсы сезінуін қамтамасыз ету. Мақаншы ауданы аумағында өткізіліп жатқан бұл алдын алу шаралары – жол-көлік оқиғаларын азайту, туристер мен жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті