Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Tasqyn ақпараттық жүйесі еліміздің 10 облысында су тасқыны жағдайын болжауға мүмкіндік берді

Tasqyn ақпараттық жүйесі еліміздің 10 облысында су тасқыны жағдайын болжауға мүмкіндік берді
Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Tasqyn ақпараттық жүйесі биыл 14 наурыз бен 18 сәуір аралығында Қазақстанның 10 облысындағы су тасқыны жағдайын болжап, модельдеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаменттеріне еріген судың келуіне дайындалып, ауқымды су тасқынының алдын алуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Модельдеу Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Абай және Ұлытау облыстарының елді мекендеріне жүргізілді. Бұл ретте жүйе Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы нақты су басқан 16 елді мекеннің 9-ына алдын ала болжам жасады.

Tasqyn жүйесі тасқын суды модельдеу кезінде өзендердегі болжамды су шығыны мен деңгейін, қоймалардан су жіберу көлемін, жер бедерінің цифрлық модельдерін және батиметриялық түсірілім деректерін пайдаланады. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқыны кезінде күн сайын ақпараттық жүйеге деректерді енгізу және жаңарту арқылы су қоймаларының жай-күйіне мониторинг жүргізді. Сондай-ақ ведомство шекара маңындағы елдермен өзара іс-қимыл жасап, ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелерін төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы уақтылы хабардар етіп отырды.

«Болжамдардың дәлдігін арттыру және Tasqyn жүйесін қамтуды кеңейту үшін уәкілетті мемлекеттік органдар оны одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірледі. Цифрлық жер бедерінің анықтығын арттыру, гидрологиялық модельді жетілдіру және бейімдеу, жүйені жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар енгізілген Жол картасының жобасы әзірленді. Tasqyn ақпараттық жүйесін жетілдіру жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Аслан Абдраимов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті