Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.

Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.

Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.

Мемлекет басшысына егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде айтылды. Еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 миллион гектарды құрады. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайызға өсті. Барлық өңірде оң динамика тіркелді.

Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады