Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Қылмысқа тосқауыл” жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана қаласы криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады. Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында оның 2023 жылдың мамыр айынан бері іздеуде жүргені анықталды. Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Криминалдық полиция органдарының қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы жұмысы үздіксіз жүргізіледі. Ақпаратты мұқият жинау мен нұсқаларды қайта тексеру ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына себеп болады.Бүгін, 11:21
Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз