Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында газ әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды

Қызылорда облысында газ әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

2025 жылғы 25 маусымда ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндіруші компаниялармен кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында Қызылорда облысының газ ресурстарын игеру мәселелері қаралды, олардың жалпы әлеуеті 22 млрд м3-тан асады. 2022 жылы «БК «ҚазГерМұнай» ЖШС Оңтүстік Ақсай газоконденсатты кен орнын игеруге енгізді. Кеңес барысында Қызылорда облысының газ ресурстарын игеру мәселелері қаралды, олардың жалпы әлеуеті 22 млрд м3-тан асады. 2022 жылы «БК «ҚазГерМұнай» ЖШС Оңтүстік Ақсай газоконденсатты кен орнын игеруге енгізді. 2025 жылғы тамызға дейін «Kazpetrol Group» ЖШС және «Галаз и Компания» ЖШС-ның ілеспе мұнай газын «БК «ҚазГерМұнай» ЖШС-ның УКПГ – 1,2 қондырғысына жеткізуі жоспарлануда. Сонымен қатар, 2025 жылғы қыркүйекке дейін осы қондырғыға «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС-ның шикі газын жеткізу күтілуде.

«ПетроҚазақстан Венчерс Инк.» АҚ газды игеруге тартудың әртүрлі тәсілдерін қарастыруда, оның ішінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-мен бірлесіп Арысқұм кен орнының газ шапкасын игеру жобасы шеңберіндегі ынтымақтастық бар. Өз кезегінде, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» бұл газ шапкасын өнеркәсіптік өндіру мүмкіндіктерін бағалау мақсатында жобалау жұмыстарына кірісті.

«Торғай Петролеум» АҚ жыл сайын 50 млн м3 дейін газды қабылдап, оны пайдаға асыруға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, вице-министр Қ. Арымбек бұл көлемді сұйытылған табиғи газ өндіруге әлеуетті инвесторларға беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Газ қоры бар кен орындарын игеру мәселелері бойынша Энергетика министрлігі мен «СНПС-Ай Дан Мунай» АҚ арасында қосымша келіссөздер өткізу жоспарланған.

«БК «КуатАмлонМунай» ЖШС келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес 2026 жылдан бастап сынақ жүргізуге арналған ұңғымаларды іріктеуді бастамақ.

Вице-министр өңірдің газ әлеуетін дамытудың энергетикалық қауіпсіздікті арттыру, инфрақұрылымды кеңейту және жұмыс орындарын құру үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жер қойнауын пайдаланушылармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп жалғастырылады.

Сондай-ақ кеңес барысында келесі компаниялардың: «КОР» Мұнай компаниясы» АҚ, «Кен-Ай-Ойл Қызылорда» ЖШС, «БК «КуатАмлонМунай» ЖШС, «Кұмкөл Транс Сервис» ЖШС, «D Oil» ЖШС, «Кристалл Менеджмент» АҚ, «Sozak Oil and Gas» АҚ, «Тұран-Барлау ЖШС, «СНПС-Ай Дан Мунай» АҚ, «Торғай Петролеум» АҚ-ның келісімшарттық міндеттемелерін орындауы, жобалық шешімдерді іске асыруы, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар жасауы бойынша қызметі тыңдалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті