Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті жүргізушіні тоқтатты

Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті жүргізушіні тоқтатты
Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті құқық бұзушыны тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 маусымда Шымкентте полиция қызметкерлері агрессивті жүргізу белгілерін көрсеткен ер адамның басқаруындағы Daewoo Nexia көлігін анықтады. Құқық бұзушылық жолдағы қауіпті әрекетті анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиясына негізделген цифрлық жүйенің көмегімен анықталды. Жүргізуші тоқтау туралы заңды талапты елемеді. Кейін тоқтағандай кейіп танытып, полицейлер тексеруге жақындаған сәтте, кенеттен көлікті қайта жүргізіп кеткен. Құқық бұзушыны тоқтатпақ болған полицейлердің бірі көліктің капотына шығып кеткен.

Бұған қарамастан, жүргізуші полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықпен жүрді. Тек осыдан кейін ғана тәртіп сақшылары көлік құралын тоқтатып, күдіктіні ұстады. Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етіледі. Мұндай әрекеттер қауіпті қылмыстарға жатады және тиісті құқықтық баға алатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады