Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда полицей мас күйде көлік жүргізіп, қызметінен шеттетілді

Көкшетауда мас күйде рөлге отырған полицей ішкі істер органдарынан шеттетілді. Экс-полицей жақын арада сот алдына келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары жол жиегіне шығып кеткен Toyota Corolla ED көлігіне назар аударған. Полиция көлікті тоқтатып, жүргізушіні тексерген. Белгілі болғандай, көлікті полиция қызметкері мас күйде басқарған. Мас күйінде рөлге отырған жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Басылымның хабарлауынша, ер адам жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан.

"Жүргізуші өз құқығын пайдалана отырып, қорғаушы бермегені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама бойынша сотқа шағым түсірді. Сот шешімімен хаттама заңсыз деп танылды.Кодекстiң 749-бабының 1-тармағына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге қорғаушы әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған адам бұл туралы өтiнiш жасаған жағдайда қатысуы мiндеттi. Алайда хаттаманы жасау кезінде жүргізуші қорғаушының қатысуы туралы өтініш білдірмеген, бұл оның қол қойған қолхат бланкісінен белгілі", - деп түсіндірді Көкшетау прокуратурасы.

Нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама заңды деп танылып, бірінші сатыдағы сот қаулысының күші жойылды. Ал тәртіп сақшысының өзі құқық қорғау қызметінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан шеттетілді. Жақын арада ол жауапқа тартылады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді