Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша басым міндеттерді белгіледі

Олжас Бектенов өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша басым міндеттерді белгіледі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Премьер-министр Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, еңбек адамының беделін арттыруға қатысты нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Олжас Бектенов өндірісте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі басты назарда екеніне тоқталды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде елімізде өндірісте жарақат алу деңгейі төмендегенін баяндады. Мәселен, 2025 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда еліміздің кәсіпорындарында өндірісте жарақат алу жағдайы 16,9%-ға төмендеген.

ҚР Премьер-министрі мұнымен тоқтап қалмай, еңбекті қорғау мәселелерін заманауи тәсілдерге негіздеуді тапсырды.

«Адам өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Сондықтан еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне негізделуі керек. Мемлекет басшысы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешуді нақты тапсырды. Ерте ескерту және хабарлау жүйелері апат қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жазатайым оқиғаларды азайту үшін жұмыс берушілер жарақаттануға, әсіресе адам өліміне алып келетін жағдайларды болдырмайтын еңбек қауіпсіздігін, автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз етуге міндетті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр еңбекті қорғау шараларын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін әзірлеу қажеттігін және Бұл барлық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен кәсіпорындардың бірлесіп атқаратын ауқымды жұмысына айналуы тиіс екенін атап өтті.

Еңбек заңнамасының бұзылуына қатысты, оның ішінде Кәсіпорындардың цифрлық картасын пайдалана отырып, мониторинг жүргізуді күшейтуге баса назар аударылды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 желтоқсанына дейін еңбекті қорғау саласындағы біртұтас цифрлық экожүйені құруды қамтамасыз ету тапсырылды. 

«Еңбекті қорғау мәселесінде жұмыс берушілердің өздерінің рөлі мен қатысуы өте маңызды. Жұмыс берушілердің жұмыскерлермен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасуын қамтамасыз ету қажет. Жалпы, кәсіпорындарда жарақаттануға мүлдем төзбеушілік қағидатын, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесін белсенді түрде енгізу керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін жұмыс берушілердің өндірісте жарақат алу фактілерін жасыруына жол бермеу бөлігінде заңнамалық түзетулер әзірлеу тапсырылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жұмыс берушілермен бірлесіп, жыл соңына дейін өнеркәсіп орындары мен құрылыс секторында өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға арналған арнайы жабдықтарды міндетті түрде орнатуды қамтамасыз ету жүктелді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне осы жылдың соңына дейін кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады