Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көлік ұрылары ұсталды

Алматыда көлік ұрылары ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда көлік ұрылары ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Hyundai автокөлігін ұрлап кетті деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Қылмыс тұрғын үй ауласындағы автотұрақта жасалған. Көлікті ұрлағаннан кейін қаскөйлер бірден көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнатып, оны Алматы облысына алып кетіп, жеке үйлердің бірінде жасырған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер ыңғайлы сәтті күтіп, көлікті сатуды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында күдіктілер қысқа мерзімде анықталып, ұсталды. Олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Автокөлік ұрыларының қолға түсуі – кәсіби мамандар іске кіріскенде уақыт мәселесі ғана. Бұл істе жедел ақпарат жиналып, талданды, нақты мекенжайлар бойынша тексерулер жүргізілді. Қылмыс ашылды, көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Біз азаматтардың жеке мүлкіне қарсы кез келген қылмыстық әрекетті қатаң түрде тоқтатуды жалғастырамыз, – деді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аxанов.

Сонымен қатар полиция көлік иелеріне қосымша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді: кілттерді көлікте қалдырмау, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалану және мүмкіндігінше көліктерді күзетілетін тұрақтарға қою.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады