Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Алма-Арасан» бұлағына бару уақытша шектеледі

Алматыда «Алма-Арасан» бұлағына бару уақытша шектеледі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында «Алма-Арасан» автотұрағынан бастап термалды бұлаққа дейінгі туристік маршрут уақытша жабылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шектеуге «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алаңқайы да кіреді. Шектеу қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға арттыруға бағытталған маршрутты қайта жаңғыртудың екінші кезеңімен байланысты.
Жоба аясында көпірлерді бұзу, жаңалау, соқпақтарды жаңарту, баспалдақтар мен көріктендіру нысандарын орнату жоспарланған. Бұған дейін, 12 мамырдан бастап дайындық жұмыстары жүргізілген: беткейлер тазартылып, қорғаныс құрылымдары орнатылып, маршрут күшейтілген.Маршрут жұмыс, демалыс және мереке күндері де толықтай жабық болады. Жұмысты 31 шілдеге дейін (ауа райына байланысты өзгерістер болуы мүмкін) аяқтау жоспарланып отыр. Жоба заманауи, қауіпсіз әрі экологиялық таза туристік маршрутты қалыптастыруға бағытталған.Алматы тұрғындары мен қонақтарына сапарын жоспарлау кезінде бұл шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі