Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полиция есірткі зертханасын әшкереледі

Қарағанды облысында полиция есірткі зертханасын әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында полиция есірткі зертханасын әшкереледі, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 маусымынан бастап елімізде "Қарасора-2025" жедел-алдын алу шарасы басталды. Науқанның басты мақсаты — Қазақстан аумағында есірткі өсіру, өндіру және таратудың жолын кесу. Аталған шара аясында Қарағанды облысында қауіпсіздікке бағытталған жедел іс-шаралар қолға алынды. Аймақтың басты автожолдарында мобильді блокбекеттер орнатылып, жол қозғалысына қатаң бақылау енгізілді. Күндіз-түні кезекшілік атқару үшін 150-ден астам полиция қызметкері, 30 қызметтік автокөлік және арнайы техника жұмылдырылды. Әрбір күдік тудырған көлік пен бағыт мұқият тексерілуде. Операцияның алғашқы күнінің өзінде айтарлықтай нәтиже тіркелді.

Осакаров ауданына қарасты Батпақ ауылында Қарағанды облыстық прокуратурасының қолдауымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жасырын есірткі зертханасын анықтап, оның жұмысын тоқтатты. Шахтинск қаласының 24 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, олар шамамен 3 миллион теңгеге жеке үй сатып алып, оны синтетикалық есірткі өндіретін заңсыз зертханаға айналдырған.

— Тінту барысында 121 канистр химиялық реагент, өндірістік жабдықтар, респираторлар, жеке қорғаныс құралдары, сондай-ақ есірткі жасауға арналған престер мен реакторлар тәркіленді. Жалпы салмағы шамамен 2 тонна болатын прекурсорлар алынды, — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Бұл — биылғы жылдың басынан бері тіркелген үшінші ірі оқиға. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі