Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолян Шу Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолян Шу Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен кездесті. Онда Орталық Азия аймағындағы экология және климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру саласындағы ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу Қазақстанның басты басымдылықтарының бірі екенін атап өтті. ОДМ-ны іске асыру жөніндегі міндеттер бірқатар стратегиялық құжаттарға кіріктірілген. Жалпы, БҰҰ-мен әріптестік орнатқан жылдар ішінде елімізде түрлі салада 200 жоба жүзеге асырылған. Соның ішінде қазір Қазақстанда 35 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, олар – денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялаудың кешенді тәсілдері; әлеуметтік қорғау бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру; энергия тиімділігі саласына инвесторларды тарту үшін жағдай жасау; ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты жүйесін ілгерілету; адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің тиімділігін күшейту және тағы да басқалар.

Кездесуде Алматыда БҰҰ ДБ-ның субөңірлік кеңсесін ашу перспективаларына назар аударылды. Ол Орталық Азияның сыртқы сын-қатерлерге төзімділігін нығайту саласындағы бірлескен күш-жігерді үйлестіру бағытында жұмыс істейтін болады. Орталық Азия аймағы жаһандық сауда мен энергетикада негізгі ойыншылардың біріне айналып келеді. Әйтсе де, зор әлеуеті бола тұра, мұнда климаттың өзгеруінің салдары, су тапшылығы, сыртқы экономикалық сілкіністер сынды тағы да басқа сын-қатерлер туындап отыр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымымен әріптестікті нығайтуға үлкен мән береді. Мемлекет басшысы мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арасындағы өзара конструктивті қатынас бірлескен бастамаларды ілгерілетуге қосымша серпін беріп отыр. Қазақстан климаттың өзгеруі проблемаларын шешуді толықтай қолдайды. Біз климатқа қатысты мәселелерді даму жоспарларымызға кеңінен енгізіп, халықаралық серіктестермен тығыз жұмыс істеудеміз. Біздің көміртегі бейтараптығы туралы стратегиямыз төмен көміртекті экономикаға көшу жөніндегі нақты да ұзақ мерзімді перспективаларды қамтиды, әрі барлық секторлар бойынша қажетті негізгі өзгерістерді айқындайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Хаолян Шу БҰҰ ДБ-ның аймақтағы әлеуметтік және экологиялық бастамаларын жүзеге асыру жолындағы Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар барлық перспективалық бағыттар бойынша серіктестікті дамытуға ықпал ету ниеттерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі