Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) басшысы Цюй Дунъюй арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды. Қазақстан – FAO әріптестік бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыруға назар аударылуда. Ұйымның еліміздегі портфелі 55 жобадан тұрады.

«Біз сіздермен кеше Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ орталығын құру туралы маңызды шешім қабылданғаннан кейін кездесіп отырғанымыз назар аудартады. Мемлекет басшысының бастамасын БҰҰ Бас Ассамблеясына мүше барлық ел бірауыздан қолдағаны қуантады. Бұл – жоғары сенім мен үлкен жауапкершіліктің белгісі. Бүгінгі диалог агроөнеркәсіп кешені мен су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстан дәнді және майлы дақылдар өндіру мен экспорттау бойынша  Орталық Азия өңірінде көшбасшы ел саналады. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді белсенді дамытып, жоғары деңгейде өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізуге ниеттіміз. Алдағы үш жылда АӨК-те құны $4,8 млрд-ты құрайтын 600-ден астам инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл мақсаттарға қол жеткізуде FAO маңызды стратегиялық серіктес болып отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексінде Қазақстан 113 ел ішінде 32-ші орында тұр. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдері 80 елге экспортталады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы өнімнің өсімі 13,7%-ды құрады.

Бас директордың орынбасары – FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Виорел Гуцу Қазақстанның агроөнеркәсіп секторындағы елеулі әлеуетін атап өтіп, ауылдық аумақтарды орнықты дамыту үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан инновациялық тәсілдер мен технологияларды енгізе отырып, ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ қаржыландыру мен инвестицияға қолжетімділікті жақсартуға белсенді ұмтылуда. Қазақстан 2018 жылғы шілдеде Қазақстан Үкіметі мен FAO арасындағы негіздемелік келісімді ратификациялады. "FAO-Қазақстан әріптестік бағдарламасы" (ФҚӘБ) осы келісімнің ажырамас бөлігі болып саналады. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыратын ФҚӘБ-тың негізгі бағыттары азық-түлік қауіпсіздігін арттыру, агробизнесті цифрландыру, ресурстарды тұрақты басқару және экспорттық әлеуетті дамыту, бұл ауылдық аумақтардың орнықты өсуіне және ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға ықпал етеді», — деді Виорел Гуцу. 

Сонымен қатар су ресурстары саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Қазақстан су шаруашылығы саласын ауқымды жаңғырту, оның ішінде жаңа 20 су қоймасын салу және кемінде қолданыстағы 15  су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3,5 мың шақырымнан астам ирригациялық арналарды реконструкциялау және цифрландыру жүзеге асырылады. Кездесуге қатысушылар Каспий теңізіндегі экологиялық мәселені шешу ұзақмерзімді халықаралық өзара іс-қимылдың басым міндетіне айналуы тиіс екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен бастамаларды табысты іске асыру үшін өзара іс-қимылды нығайтуға дайындық расталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты