Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда такси өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам зардап шекті

Павлодарда такси өртеніп, екі баласымен бірге әйел адам зардап шекті
Фото: pixabay.com

Павлодарда таксиде өрт болып, екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға түсті. Оларға күйік шалу диагнозы қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автокөлік Олжабай батыр көшесінде өртке оранған. Осы кезде такси салонында ерлі-зайыпты мен екі кішкентай бала болған. 

"Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтап, жарылысқа жол бермеді. Жедел жәрдем қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлайды өңірлік ТЖД.

Көлік жүргізушісі, сондай-ақ екі баласымен бірге әйел адам ауруханаға жеткізілді.

"Балалар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты. 2023 жылғы қызға бет, қол, бел аймағының I-II дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Зақымдану ауданы - 18%. 2016 жылғы тағы бір қызға бет, екі қол, оң жақ балтырдың I-II-III дәрежелі термиялық күйігі диагнозы қойылды. Зақымдану ауданы – 7%", - деді облыстық балалар ауруханасындағылар.

1992 жылғы - балалардың анасы III дәрежелі термиялық күйік алған және № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қолы күйіп қалған такси жүргізушісі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетсек, 21 мамырда таңертең Алматыда жеке тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапқан болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті