Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады

Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді. Алматы облысында тұзды тағамдар өндіретін зауыт салу бойынша жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа PepsiCo зауыты Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болмақ. 2024 жылғы маусымда өткен келіссөздер қорытындысы бойынша инвестиция көлемі $160 млн болатыны жоспарланған. Картоп өңдеудің өндірістік қуаты мен көлемі үш есеге артып, 70 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін өседі. Бұл жылына шамамен 70 мың тонна дайын өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорында 900-ге жуық жұмыс орны ашылады. PepsiCo компаниясының Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия өңірі бойынша президенті Давид Манзини жобаның бірінші кезеңін іске қосу және қазақстандық өнімнің бірінші партиясын шығару 2026 жылдың наурыз айына жоспарланғанын, 2027 жылдың қыркүйегінде зауыттың толық қуатқа шығуы болжанып отырғанын айтты.

Жоба аясында жергілікті шикізатты пайдалану көзделуде — картопты жеткізуге қазақстандық фермерлік шаруашылықтар тартылады. 2035 жылға дейін PepsiCo чип сорттарын өсіруді толық локализацияға көшуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарынан шамамен 15 шаруашылық қосылған. Сондай-ақ шикізатты сақтау базасын кеңейту және өнімнің өнімділігі мен сапасын арттырудың ғылыми тәсілдерін дамыту көзделген.

«Біз жоғары өңделген дайын өнім шығаруға бағытталған осындай жобаларды толық қолдаймыз. Мемлекеттік органдар екі апта ішінде барлық қажетті шешімдерді қабылдайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 


«Біз Қазақстан билігі тарапынан көрсетілген қолдауды жоғары бағалаймыз. Шетелдік инвестор ретінде бізге қолайлы жағдайлар жасалған. Бүгінде жоғары әлеуетті көріп отырмыз, сондықтан Қазақстанға инвестиция көлемін екі есеге арттыру туралы шешім қабылдадық», — деп атап өтті Дэвид Манзини.

Кездесу қорытындысы бойынша Сыртқы істер министрлігіне екі апта ішінде Қазақстан Үкіметі мен PepsiCo арасында Инвестициялар туралы келісім дайындау тапсырылды. Осы мерзімде Ауыл шаруашылығы министрлігі инвестор үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектісі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына қажетті түзетулер енгізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі