Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты

Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты
Фото: Polisia.kz

Өскеменде полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеп тапты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығына жергілікті тұрғын 17 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Әйел адамның айтуынша, ұлы таңертең колледжге кеткен, алайда үйге оралмаған. Сабақ кестесіне сәйкес, жасөспірім сағат 15:00-де үйде болуы тиіс еді, алайда белгіленген уақытта келмеген.

Анасы бірнеше рет телефон шалғанымен, баласының телефоны сөндірулі болған. Жоғалған баланы өз бетінше іздегенімен, нәтижеге жете алмаған ана көмекке полицияға жүгінген. Полицейлер бірден іздестіру іс-шараларына кірісті. Колледжден үйге дейінгі бағыттағы барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, қаланың түрлі аудандарындағы жазбалар зерделенді. Жиналған деректер негізінде жасөспірімнің қозғалыс хронологиясы жасалды. Жедел-іздестіру іс шаралары барысында полицейлер жақын маңдағы аумақтарды, иесіз қалған үйлер мен құрылыстарды, сондай-ақ жасөспірім болуы мүмкін басқа да орындарды тексерді.

Аудан аумағындағы дүкендер де назардан тыс қалмады — солардың біріндегі бейнежазбадан колледж студенті анықталды. Кейіннен полйцейлер жасөспірімді саяжай аумағының маңынан тапты. Тәртіп сақшыларына берген түсініктемесінде ұл бала бірнеше күн бойы сабаққа бармағанын, уақытын компьютерлік ойындарға арнағанын, ата-анасы біліп қоя ма деген қорқынышпен үйге қайтуға батылы бармаған. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен ата-анасының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің салдары, оның ішінде жеке қауіпсіздік, күн тәртібін сақтау және заңды өкілдер алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Бұл жағдай — уақытылы әрекет етудің, ата-аналар тарапынан тиісті бақылаудың және балалар мен ересектер арасындағы тұрақты байланыстың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады