Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана дәмханаларының бірінен қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталды

Астана дәмханаларының бірінен қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астана дәмханаларының бірінен қонақтардың жеке заттарын ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орында жасалған ұрлық дерегін әшкереледі. Түскі уақытта күдікті ретінде танылған 49 жастағы ер адам дәмханалардың біріне кіріп, келушілермен бірге түскі ас ішкен. Алайда оның басты мақсаты ас ішу емес, арам пиғылын жүзеге асыру болған. Ол дәмханада отырған бір келушінің үстел үстінде тұрған сөмкесін сырт киімімен бүркеп, ұрлап кеткен. Ас ішіп болған соң, көзге түспей дәмханадан шыққан. Сөмке ішіндегі 20 мың теңге ақшамен қатар, жәбірленушінің атына рәсімделген банктердің төлем карталарындағы жалпы сомасы 400 мың теңгеден астам қаражатты да иемденіп үлгерген. Жәбірленуші бұл туралы бірден полицияға хабар беріп, көмек сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің ұрлық әрекеті заттай дәлелдемелермен расталып, айғақтар иесіне қайтарылды. Сонымен қатар оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият болуды және қоғамдық орындарда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Қырағылық – қауіпсіздіктің кепілі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді