Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ: Павлодарда жаяу жүргіншіні елемеген жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: pixabay.com

Павлодарда полицейлер жол жүру қауіпсіздігін жіті бақылайды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншілер өткелі – қауіпсіздік кепілі. Алайда бұл ережені елемей, жолда абайсыздық танытатындар бар. Заңға сәйкес, жаяу жүргінші өткелге қадам басқан сәтте жүргізуші дереу тоқтап, оған жол беруі тиіс. Ал жаяу жүргіншілер өз кезегінде жолға шығар алдында алдымен солға, сосын оңға қарап, сақтық шарасын ұстануы қажет. Өкінішке орай, өмірде бұл талап әрдайым орындала бермейді. Жүргізушілер өткелден өтіп үлгермеген адамға жол бермей, салдары қайғылы оқиғаларға ұласуы мүмкін. Мысал ретінде Павлодар қаласындағы жағдайды келтірсек, Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Катаев пен Циолковский көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншіге жол бермей, жол қозғалысы ережесін бұзды. Осы тәртіпсіздігі үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жолда мұқият болуға, қозғалыс кезінде сақтық шараларын ұстануға және апатты жағдайларға жол бермеу үшін жаяу жүргіншілер жолағына кенеттен жүгіріп шықпауға шақырады. "Заң және Тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты бағыты. Ереже бұзғандар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты