Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ірі өрттерді болдырмау жөніндегі шаралар туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ТЖМ бөлімшелерінің өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығы туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, ғарыштық мониторинг және өрттерді болжау жүйелері жөніндегі жұмыс туралы – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша еліміздің мемлекеттік орман қорының ауданы 31 млн га құрайды, оның ішінде орманмен жабылған – 13,9 млн га. Бүгінде елімізде орман өрттерін ерте анықтау жүйелерімен қамту 1,3 млн га құрайды. Жыл басынан бері жалпы ауданы 4,4 мың гектардан асатын 25 өрт тіркелді.

Ерлан Нысанбаев орман шаруашылықтарының биылғы жылдың өрт қаупі жоғары кезеңіне дайындық дәрежесіне жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы баяндады. Биыл 10 сәуірдегі жағдай бойынша Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының орман мекемелері, сондай-ақ «Семей орманы» резерваты дайын болмады. Облыс әкімдіктеріне анықталған кемшіліктерді жоюға және техниканы толық жауынгерлік даярлыққа келтіруге ұсыныстар жолданды.

Премьер-министр әкімдіктердің назарын өрттерді сөндіру кезінде жедел ден қою және өзара іс-қимыл жасау үшін мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының жаңа алгоритмін орындау қажеттігіне аударды.

Осы ережелерді сақтамауына байланысты Павлодар облысы мен Абай облысының жауапты ведомстволарына биылғы жылдың алғашқы өрттері кезінде экология және табиғи ресурстар министрлігіне, ТЖМ және ІІМ-ге тиісті шаралар қабылдап, жаза қолдану арқылы тергеу жүргізу тапсырылды.

Олжас Бектенов Қазгидрометтің ыстық және құрғақ жаз туралы болжамын ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңдегі барлық қызметтердің жедел және үйлестірілген жұмысының маңыздылығын атап өтті. Маусымға дайындық жұмыстарын жандандыру қажет аймақтар аталды.

«Тексеріс көрсеткендей, Табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елді мекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елді мекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген. Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Осыған байланысты өңір әкімдеріне биылғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар міндеттер жүктеді. Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуді тапсырды.

«Оқу-жаттығуларда трансшекаралық өртті сөндіру және көрші мемлекеттердің қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау керек. Өрт қаупі жоғары өңірлерде мемлекеттік авиацияның өрт сөндіруге арналған тікұшақтарының кезекшілігін ұйымдастыру мәселесін қараңыздар. Орман алқаптары мен ашық жерлерді шолып шығу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану керек», — деді Олжас Бектенов. 

Экология министрлігі әкімдіктермен бірлесіп табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін әрі қарай жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өрттердің өршу жағдайын, оны сөндіру алгоритмдерін модельдеу жүйелерінің қамту ауқымын ұлғайтады. Тиісті жоспар-кестені әзірлеу және оны Үкіметте бекіту, орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді.

Әкімдіктердің алдына елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құралымдарды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыру міндеті қойылды. Өңірлерде әуе кемелерін тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорларын қамтамасыз ету, өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындау қажеттігі атап өтілді. Ұйымдастыру мәселелерін биылғы 10 мамырға дейін шешу тапсырылды.

Ішкі істер министрлігі өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында демалуға тыйым салу жөнінде шаралар қабылдауы, рейдтер мен бақылау жүргізу кестесін жасауы қажет. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандардың барлығын жауапкершілікке тарту міндеті қойылды.

Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктеріне, әкімдіктерге ел арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты