Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да жасөспірімдер қылмысы 20 пайызға азайды

СҚО-да жасөспірімдер қылмысы 20 пайызға азайды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да жасөспірімдер қылмысы 20 пайызға азайды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалуда. Ювеналдық полиция қызметкерлерінің мәліметінше, биылғы үш айда кәмелетке толмағандар 4 қылмыс жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір жағдайға аз. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 20 пайызға төмендеген – 20-дан 16-ға дейін азайған. Полицейлер мұндай нәтижеге профилактикалық шаралардың кең ауқымды қолданылуының арқасында қол жеткізілгенін айтады. 2023 жылдан бастап облыста қолайсыз отбасыларды анықтау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Оның құрамында полициядан бөлек, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бар.

Есепте тұрған жасөспірімдер мен өз балаларына жауапкершілікпен қарамайтын ата-аналар тұрақты бақылауда. Бұл бағыттағы жұмыс 10 сәуірде облыста басталған республикалық “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күшейтілді. Бір ай бойы полиция қызметкерлері пәтерлерді аралап, түнгі көшелерде рейдтер өткізеді. Бұл, әсіресе, көктемнің алғашқы жылы күндерінде өзекті. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуы — полиция қызметінің “Заң мен Тәртіп” қағидасын жүзеге асыру жолындағы маңызды көрсеткіштерінің бірі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты