Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жылдамдықты бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды

Павлодарда жылдамдықты бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды
Фото: Polisia.kz

Павлодарда ZEREK-2 жүйесінің көмегімен жылдамдықты бұзудың 3 мыңнан астам фактісі анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жүргізуші тәртібін жақсарту мақсатында Павлодар облысындағы Павлодар - Омбы және Павлодар - Қалбатау автожолдарында ZEREK-2 жүйесінің сертификатталған аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс істеуде. Бұл жүйе көлік құралдарының жылдамдығын автоматты түрде өлшеуге, құқық бұзушылықтарды тіркеуге, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тануға және деректерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік өндірістерінің бірыңғай тізіліміне жолдауға арналған. Бұл жағдайда айыппұл төлеу қажеттілігі электрондық тәсілмен тіркеледі.

Жыл басынан бастап ZEREK-2 жүйесі жоғарыда аталған жолдарда жылдамдық режимін бұзу бойынша үш мыңға жуық құқық бұзушылықты тіркеді. Нәтижесінде жалпы сомасы 47 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мысалы Омбы- Павлодар автожолында BMW 540i xDrive автокөлігінің жүргізушісі белгіленген жылдамдықты айтарлықтай асып кеткен. Оның жылдамдығы сағатына 205 км болған, ал рұқсат етілген жылдамдық – сағатына 100 км.

Яғни жүргізуші жылдамдықты сағатына 40 км артық асырған. Осы құқық бұзушылық бойынша 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылған. Полиция департаменті қалада да, қала сыртында да көлік жүргізудің жоғары жауапкершілік пен тәртіпті талап ететінін еске салады. Жылдамдықты асыру тек жүргізушінің ғана емес, басқа жол қозғалысындағы қатысушылардың да қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ұмытпаңыз. Жылдамдық шектеулері – бұл жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтауға мүмкіндік беретін маңызды шара.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты